Ота кезінде оянып кеткен науқас жігіт денесіне пышақ тигендегі сезімін атты
25 жастағы Ұлыбританиялық Фенн Сеттл өзіне соқырішек отасы жасап жатқанда оянып кеткен. Науқас денесіне пышақ тигендегі сезімдерін есіне алды.

Бүл туралы Stan.kz хабарлайды, Metro-ға сілтеме жасап.
“Ішімнің қатты ауырғанын сездім. Тамағыма қойылған түтік тыныс алуыма кедергі келтірді. Тұншығып өліп кеткендей болдым. Сал болып, қозғала алмағандықтан, ешкімге ештеңе айта алмадым”, – дейді Фенн.
Ол дәрігерлерге наркоздың күші қайтып кеткені туралы айта алмаған.
“Мен өзімнің ота үстелінде жатқанымды білдім. Не болып жатқанын барлығын сездім. Тек мен істей алған әрекет зәр шығару ғана болды”, – деп есіне алды ол.
Отадан кейін Фен медбикелерге оянып кеткенін айтса, олар сенбеген, жәй түс көрген шығар деп ойлаған.
Соған қарамастан, науқастан аурухана дәрігерлері кешірім сұрап, ақшалай өтемақы төлеп берген.
Тағы оқыңыз:
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты