Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменнің қақ ортасындағы аспалы көпір опырылып түсті (видео)

Өскеменнің орталығындағы аспалы көпір құлап түсті. Оқыс оқиға кезінде көпір үстінде 6 адам болған.

IN062j5y5BQ_1

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Көпір үстінде болған адамдардың ешқайсысы суға құлап кетпеген. Көпірде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Демонтаж кезінде төтенше оқиға орын алып, көпірдің екінші бөлігі жоғары көтеріліп кеткен.

Оқиға орынында болған төрт жұмысшы төменге құлап кеткен. Ал екеуі жоғарыда қалып қойған.

“Куәгерлер бізге бес зардап шегуші туралы хабарлады. Алайда оқиға орынына жеткен құтқарушылар бұл ақпаратты растамады. Адамдар төменге құлаған. Қазір бәрі құтқарылды. Олардың біреуі аяғын жарақаттап алыпты, қалғандары зардап шекпеген”, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, тіреуіштердің бірі апатты жағдайда тұрғандықтан көпір сыр берген.

Ертіс көпірі Өскеменде 1970 жылы тұрғызылған. Қазір оған күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында әкесі өзінің 7 жасар ұлын тұншықтырып өлтірді

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Талқылау