Өскеменге келген Голливуд жұлдыздары мешітке барып, жұртпен бірге дұға оқыды
Деректі фильмнің түсірілімі үшін ШҚО-ға атбасын бұрған шетелдік актерлер бүгін Халифа Алтай мешітінде болып қайтты. Голливудтан келген меймандар мешітті аралап, намаз оқу рәсіміне қатысты.
Суреттер Виктор Абакумовтікі
Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Эрик Робертс, Бай Лин, Марк Дакаскос пен Кэри-Хироюки Тагава ШҚО-ға аталған аймақтың табиғаты мен мәдениеті туралы деректі фильм түсіріліміне келген.
Голливуд жұлдыздары Өскемен орталық мешітінде болып қайтты. Шетелдік жұлдыздарды мешіт имамы Ермек қажы Мұқатай күтіп алды. Ол мешіттің тұрғызылу тарихы мен жұмысы, сондай-ақ, Халифа Алтай туралы әңгімелеп берді.
Актерлер мұсылмандардың мәдени дәстүрлеріне ғана емес, мешіттің ішкі безендірілуіне де тәнті болғандарын жеткізді. Шетелдік меймандар ШҚО-да әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанына таңғалды.
Голливуд жұлдыздарымен бірге мешітке қала тұрғындары да келді. Олардың бірі алған әсерімен бөлісті.
«Мен өзімнің туған жерімді мақтан тұтамын, ата-бабамыздан қалған бай мәдениетіміз жайлы бүкіл әлемге айтқалы отырған бұл кісілерге алғысым шексіз», – дейді ол.
Мешітке келген жамағатпен бірге дұға оқып, тізе бүккен актерлер жұртты сүйсіндірді. Кездесу соңында меймандарға Астанадағы Әзірет Сұлан мешітінде жарыққа шыққан кітаптар тарту етілді.
Жіберіп алмаңыз:
Эдриан Броуди Шығыс Қазақстан туралы фильмге түсуі мүмкін
Серік Абас-шах: Бекжан Тұрыс қыз болып туғанда есімі Аружан Саин болар еді
ОҚО-ға үнді киножұлдызы Митхун Чакраборти келеді
Шоқан Маратұлы “есеппен үйленген” деп сынағандарға жауап берді