Өскемендегі жігіттің селфи жасамақ болып суға кеткендегі сәті жарияланды (видео)
Желіде селфи жасамақ болған жігіттің қалайша суға кеткендігі жайлы видео таралып кетті. Видеодағы жігітті Өскеменде суға кетіп қайтыс болған жігіт деп болжайды.

Видеодан жас жігіттің Ертіс өзеніне секіріп кеткенін көруге болады. Ол бірнеше метрге жүзіп барып, бетон жағадан ұстанбақ болады. Алайда, жігіт олай істей алмаған соң айқайлай бастайды. Видеоға түсіріп тұрған оператор өзгелерді көмекке шақырады. Әрі қарай не болғаны кадрдан көрсетілмей, тек дауысы ғана естілген.
Алайда, бұл оқиғаның Өскеменде өзен жағасында селфи жасамақ болып суға кеткен жігітке қатысы барын дөп басып айту қиын.
Бұған дейін жігіттің селфи жасамақ болған жігіттің суға кеткендігі жайлы хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Өз үйлену тойында қалыңдық суға батып кетті
Петропавлда суға ағып кеткен қыздың денесін малшы тауып берді
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"