Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды
Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды. Анна Храмцованың туыстары мен полиция оны 10 күннен аса уақыт іздеген.

Жоғалып кеткен әйелді іздеуге Lider.kz еріктілері де көмектескен. Анықталғандай, әйел ауылда сығандардың үйінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Устинка Live сайтына сілтеме жасап.
Еріктілердің бірі Аннаның туысына хабарласып, әйелді Красина аулындағы дүкеннен көргенін айтқан. Ол сығандармен бірге жүріпті.
Артынша полицейлер мен әйелдің туыстары сол жерге барған.
Полициядағылардың сөзінше, сығандар әйелді ауыл көшелерінің бірінде кездестірген. Ол сол кезде жеңіл киініп жүріпті.
Әйел оларға қайда тұратынын айта алмаған. Сондықтан сығандар оны өз үйіне шақырып, артынша әйелдің туыстарын іздестіре бастапты.
Қазіргі уақытта Анна Храмцова туыстарының жанында.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты