Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде зейнеткер Ертіс өзеніне секіріп кетті

Өскеменде өзенге батып кете жаздаған зейнеткер мен жас жігіт құтқарылды. 67 жастағы зейнеткер өз еркімен өзенге секіріп кеткен. Ал 27 жастағы жас жігіт болса мас күйде болуы себепті Үлбі ағысына төтеп бере алмаған. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлап отыр.

photo_189856

Бүгін күндіз куәгерлер қарт әйелдің өзенге секіріп кеткенін айтып қоңырау шалған. Бұдан соң бірден құтқарушылар арнайы катерге отырып, жедел шараға кіріскен. Қатты ағысқа қарамастан, олар зардап шегушіні байқай алған.

“Әйел өте алыстан көрінеді, оның басы суға батып-шығып жатты. Біз оған тез жүзіп барып, қайыққа отырғызып алғашқы көмек көрсетіп, медицина қызметкерлеріне табыстадық”, – деді суда құтқару бөлімінің басшысы Сергей Мартьянов.

Зардап шегушіні құтқарып қалу үшін полиция сержанты Мейір Рахымғалиев өзі суға секірген. “Зейнеткердің неліктен ондай қадамға барғаны белгісіз. Қазір онымен тергеушілер жұмыс жүргізуде”, – деп хабарлады ІІД.

Бұл арнайы операциядан соң құтқарушылар патрулдік бақылауды жалғастырған. Бір сағаттан соң рация арқылы Үлбі өзенінде ер адамның суға батып бара жатқаны хабарланады. Оқиға орынына жеткен құтқарушылар алкогольді мас күйдегі ер адамды құтқарып қала алған.

Шомылу маусымы ашылғалы бері ШҚО-да 30 адам суға батып, оның 15-і құтқарылды.

Талқылау