Өскеменде ұялы телефон жарылып ер адамның үш саусағы мен құлағы сынып кетті
Оқыс оқиға 28 сәуір күні ұялы байланыс құралын жөндеп жатқан кезде болған. Құлағы жыртылып, кеудесі жараланып, саусақтары сынған азамат қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Есін енді ғана жинап отырған Владимир Мисекешев өзінің аман қалғанына сене алар емес. Телефон жөндеумен айналысатын ол техниканың қыр-сырын жақсы меңгерген. Бар кінәрат қытай телефонынан келді дейді жараланған азамат. Бұзылған құрылғыны қалыпқа келтіріп тексермек болғанда жарылып кетіпті.
“Телефонды жасап, тоққа тықтым. Кейін қоңырау шалып көрмекші болдым. Құлағыма жақындатқаным сол еді, атылды. Қытай телефонын алмаңыздар. Кішкентай балаларды мүлде жолатпау керек”, – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Владимир Мисекешев.
Тағы да оқыңыз:
Қызылордалық мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады айыпталуда
Өскеменде күйеуі ажыраспақ болғаны үшін әйелі мен енесін өлтіріп тастады
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"