Өскеменде мұсылмандар бейті  тек бір үлгіде тұрғызылатын болды

Жұма, 24 Қараша , 2017 9:06

Шығыс Қазақстан облысында мұсылмандар зираты бір үлгіге келтірілді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өскеменнің іргесіндегі Самсоновка ауылының маңында орналасқан мұсылмандар зираты соңғы жылдардан бері біркелкі етіліп, бірыңғай тәртіппен тұрғызылып келеді.

Бірі бейітті күмбез етіп көтеріп, екіншісі одан асып түсіп, асқақтаған зират салатын қазіргі заманда, облыс орталығындағы мұсылмандар зиратында қолға алынған жаңа жүйе халықтың көкейінде жүрген көп сауалға табылған бір жауап болды. «Біздің облыста әр аудандардың өзінде жерлеу жоралғылары бірдей емес.

Біреулер жердің ыңғайына қарай, енді біреулер құрылыс материалдарының түріне қарай қабірді, бейітті әртүрлі етіп қазып, көтеріп жатады.

Сондықтан бейіттерді жинауда шариғат талаптарына сай мұсылмандық жоралғылар сақталып, қамтылсын деген шарт ең басты мақсатымыз болды», – дейді Самсоновка ауылының жанындағы бейіттерді ретке келтіріп, жұртқа осы мұсылмандар зираты жабдығының қызметін көрсетіп отырған жеке кәсіпкерліктің иесі Бауыржан Құсайынов.

Бейіттерді бірыңғай етіп тұрғызуға алғашқыда бірді-екілі адам қарсы болғанымен, бірте-бірте жаңа ережеге келісім берген. Бұдан бөлек, жерлеуге әкелінген адамдар тіркеліп, олардың қандай аурудан, неден көз жұмғаны көрсетіліп отырады. Тіркеу журналында қай қатарда, қандай нөмірге қойылғаны да қоса жазылып тұрады.

Сондай-ақ Самсоновкадағы мұсылмандар бейітінде қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар жерленетін «Құрметті азаматтар аллеясын» жасау көзделген. Бошай ата, Асылбек Сәбеков, Қанипа Бітібаева сынды ел құрметіне бөленіп, еңбегі сіңген жандар дамылдап жатқан бейіттер қазір мұнда бір бөлек, оқшау тұр.

Қатары көбейіп келе жатқан ондағы зираттардың көпшілігі граниттен тұрғызылуда. Қалалық әкімдіктен, мекемелерден тыл еңбеккерлерін, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерін де осы жерге жерлеуге өтініштер келіп түсіп жатады екен.

Самсоновкадағы зиратқа айына – 25-30, жылына 300-ге жуық адам жер қойнына тапсырылады. Анықталғандай, біркелкі етіп жиналып жатқан бейіттерді көтеруге 178 -225 мың теңге көлемінде қаржы кетеді. Белгі тасы, басында айы, төрт жағында шарлары бар бірыңғай үлгідегі бейіттерді салуға, материалдарына 225 мың теңге жұмсалады.

Есік және басқа да қосымша сәулеттік нышандар қойғысы келгендер үстінен тағы ақша төлейді. Бауыржан Құсайынов атап көрсеткендей, «Жер қатынастары туралы» Қазақстан Заңының 139-бабында өмірден қайтқан Қазақстан азаматына 6 шаршы метр тегін жер берілетіндігі жазылған. Яғни қаза болған адамдарға жер тегін беріледі.

Ал жердің сатылып жатқандығы туралы әңгімелер қауесет болып табылады.  15 гектар жердегі Самсоновка маңындағы мұсылман зиратының аумағы 20 жылға дейін пайдалануға жетеді екен. Кейін оның жанындағы бос тұрған 35 гектар жер де зират мақсатында пайдалануға қосылып берілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Онсыз да сұлумын: Аша Матай бес тонна бояудан бас тартуға бекінді

Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Әріптестері 2 миллионға шетелдің әнін алған Бүркітті сынап тастады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар