Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мектеп оқушылары спортзал есігін өртеп жіберді

30 сәуір күні №15 мектепте спорт залдың ағаштан салынған есігі жанып кеткен. Мамандар өрттің шығу себебі балалардың қателігінен деген тұжырым жасаған.

194966

Сурет segodnya.ua

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, оқиға Севастопольск көшесінің бойындағы орта мектепте болған. Оқу ордасының әкімшілігі мамандар келемін дегенше балаларды сақтандырып үлгерген.

“Шұғыл жағдайда шығатын спорт залдың есігі өртенді. Өрт өте жылдам түрде өшірілді. Өрттің жану аймағы шаршы метрге де жетпеген”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз бөлімі.

Өрт балалардың сіріңкені абайсызда жағып жіберуінен шыққан болуы мүмкін.

Талқылау