Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қызметтік көлікте ұйықтап қалған полицейлер жауапқа тартылды (видео)

Бір айдай бұрын облыс орталығында тұрғындар патрульдік автокөлікте ұйықтап жатқан тәртіп сақшыларын видеоға түсіріп алып, интернетке жүктеген болатын.

ebe978f0bed5d5d49b16c49e00f

Сурет kz.otyrar.kz

Осы әрекеттері арқылы тәртіп сақшыларының ережені белден басып, заңды бұзғандары анықталды. Жарияланған бейнежазбада көлік салонында екі полицейдің ұйықтап жатқаны анық көрінеді. Қызметтік көлік қаланың шет жағында, тұрғын үйлерден алыста тұрған.

“ВКонтакте” әлеумтеттік желісінде жарияланған бейнематериалға қатысты тексеру жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде полиция аға сержанты К. Асылғазин мен полиция сержанты Б. Мақалов тәртіпті бұзып, жауапкершілікті сақтамағандары үшін жауапқа тартылды”, – дейді ШҚО ІІД басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Талқылау