Өскеменде бейтаныс әйелді зорлап кеткен күдіктіні қызметтік ит ұстап берді
Өскеменде 5518 әсери бөлімі күдіктіні ұстады. Күдікті қызметтік иттің арқасында ұсталды, деп жазады Қазақпарат.

3 желтоқсан күні әйел адам аға сержант Дулат Трумовқа жүгіріп келіп, өзін бейтаныс адамның ұрып-соғып зорлап кеткенін айтады. Күдікті әйелді зорлап, қашып кеткен. Патрульдік топ оқиғаны кезекші бөлімге дереу хабарлайды. Кезекші топ бірден іздеуге кіріседі.
Тұрғын үйдің бірінің маңынан 50 жастағы ер адам ұсталды. Оның түр-тұлғасы жәбірленушінің сипатына сәйкес келді. Құжатын тексергенде өзін өте күмәнді ұстаған. Оның өзімен бөлімшеге баруы тиіс екенін айтқанда, қашуға ұмтылды.
Кинолог қызметкерінің бұйрығымен Сэм есімді қызметтік ит күдіктінің қуып, ұстап берді.
Жәбірленуші күдіктінің өзін зорлаған ер адам екенін растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған