Өскеменде қарғысты кетіремін деген 22 жастағы балгер қыз зейнеткерлерді тонап келген

Сәуір айының басында Глубокое ауданының 84 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген. Бейтаныс бойжеткен оның үйіне алдап кіріп, ақшасын қолды еткен, деп хабарлайды Қазақпарат.

Сотқа дейінгі іздестіру шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Өскеменнің 22 жастағы тұрғынын ұстады. Кейін бұл азаматша осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болған. Ұлан ауданы мен Өскемен қаласында да «шәлі сатушы» қыздан зардап шеккендер шыққан. Күдікті өзін кейуаналарға шәлі сатушы ретінде таныстырып, сенім ұялатқан соң, үйіне еніп, бағалы заттарды ұрлап отырған. Әңгіме арасында өзінің «қарғыс қайтару», «үйдің аурасын тазарту» сияқты рәсімдерді орындайтын қасиеті бар екенін айтып, қариялардың басын айналдырумен болған.

Үйдегі жағымсыз энергия біржола шығу үшін дұға оқылған шәліге қолда бар ақшаның бәрін салу керек болған. Онымен қоймай, рәсімнен кейін ақша оралған шәліні 1-2 сағат көлемінде оңаша қалдыруды тапсырған. Шәліге оралған ақшаның қолды болғанын алданған адамдар күдікті үйден кеткен соң ғана аңғарған. Осындай жолмен ол үш кейуананы алдап, барлығы 500 мың теңгедеден астам ақшаны қалтасына басқан. Күдіктіге қарсы «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз:

Үш жастағы бала диванға қысылып көз жұмды

Тойда іш киіміне дейін шешініп, қара жорға билегендер жұртты ашуландырды (видео)

Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар