Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қала ішін қасқырлар кезіп жүр

Ветеринарлар мен аңшылар №19 шағын ауданда рейд жүргізді. Себебі жергілікті тұрғындар бұл ауданда қасқыр жүргенін айтты.

 

Жақында ЖМК шетіндегі жаңа шағын аудандардың бірінде тұратын тұрғындар Көкжал Барақ көшесі жақта қасқыр жүр деген хабарлама таратты. Қала азаматтары желтоқсанда да қоқыс контейнерлерінің қасынан жыртқыштарды көргенін айтқан. Адамдар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайдыы, деп хабарлайды Өскемен қаласының Facebook-тегі ресми парақшасында.

«Ветеринарлар Аңшылық одағының өкілдерімен байланысып, қауіптің алдын алу мақсатында ЖМК маңында бірлескен рейд жасады. 19 қаңтарда қалалық ветеринар бөлімінің мамандары басшыларымен бірге шағын ауданды аралады. Қызметкерлер жергілікті тұрғындармен де кездесті. Сөйтсе, шынымен қасқырлар ЖМК-ның адамдар тұратын жағына келе бастапты. Жақын жерде олардың үйірі болуы мүмкін», – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Оқи отырыңыз:

Қостанай тұрғыны қарындасының басын кесіп тастады

Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшты

Қазақ қызы “сварщиктер” жарысында 500 жігіттен озып кетті

Талқылау