Өскеменде есірткі қабылдаған жолаушы ұшақ бортынан шығарылды
“Өскемен-Астана” бағытындағы әуе рейсінен спирттік ішімдік ішіп, есірткі қабылдаған жолаушы түсіріліп тасталды. Бұл туралы ҚР ІІМ транспорттағы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет tolmachevo.ru
“Осы жылдың 25 маусымында Өскемен әуежайындағы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Өскеменнен Астанаға ұшатын Scat әуекомпаниясына тиесілі ұшақ бортында мас жолаушының бар екені хабарланған. Бортсерікпен ұрысқаннан кейін 34 жастағы Астана тұрғыны әуе кемесінен шығарылды”, – делінген хабарламада.
Дәрігерлер хабарлағандай, ер адам спирттік және есірткі қабылдау бойынша орта деңгейдегі мас күйде болған.
Оның бұл әрекетіне қатысты ҚР әкімшілік кодексі заңнамасының 440 бабы бойынша хаттама толтырылды. Аталған факт орталық сотқа дейінгі реестрге тіркеліп, ақ-қарасы ашылмақ.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"