Өскеменде бойжеткен өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарып қалды
Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Кретова өзіне өзі қол салмақ болған ер адамды құтқарды.
Бойжеткен Үлбі көпірінен өтіп бара жатып, көпірден секірмек болған ер адамды байқайды. Бойжеткен жүгіріп барып, ер адамды ұстап қалды. Оны райынан қайтаруға тырысты. Бұл кезде куәгерлер полиция шақыртты. Оқиға орнына келген «Кыран-21» ПБ-нің полиция қызметкерлері қала тұрғынымен бірге ер адамды құтқарды.
«Менің орнымда болған кез келген адам осылай істейді деп ойлаймын», - дейді қыз.
Қалалық полиция басқармасы бойжеткеннің әрекетін жоғары бағалады.
Бұған қоса, Өскемен полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Даур Ибраевтің айтуынша, ер адамның өмірін құтқару үшін кәсібилік көрсеткен полиция қызметкерлерін ынталандырады.
Полиция бұл істі егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"

"Президенттің ұзақ мерзімге отыруы қате": 14 жыл бойы ЕҰУ-ды басқарып келе жатқан Ерлан Сыдықов әлеуметтік желіде сынға қалды
Басылым жариялаған видеода журналистің ректордың соңынан қалмай, сұрақ қоюға тырысқанын байқауға болады