Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде автобустың ішінде мастурбация жасаған азаматты іздестіріп жатыр

Өскеменде қоғамдық көліктің ішінде жолаушылардың көзінше мастурбация жасағанын ер адамды полицияның іздеп жүргеніне бір ай болған.

10

 

 

Көпшіліктің көзінше сымын шешкен азаматтың видеосы қарашаның ортасында интернет желілерінде пайда болған. Ол видеоны автобустың ішінде отырған екі қыз түсірген екен. Азамат елдің көзінше мастурбация жасаған, деп хабарлайды yk-news.kz.

ШҚО-ның ІІД хабарлауынша, бұл істі полицияның қадағалауына берілген.  Алайда полицияның бұл азаматты іздестіріп жүргеніне бір айдың жүзі болды. Бірақ ол туралы ешқандай ақпарат әлі табылмаған.

-Бүгінде ол туралы ешқандай ақпарат жоқ. Біріншіден, ол жерде азаматтың түр-келбеті анық көрінбейді. Екіншіден, видеода жігіт қырынан түсірілген. Бірақ біздің қызметкерлер әлі де қажетті шараларды қолдануда, – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Егер азамат ұсталса бұзықшылық үшін оған 200 АЕК (4 миллион теңгеге) айыппұл белгіленіп, түзету жұмыстарына салынады. Ол азаматты тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан немесе шектеу қоюлуы мүмкін.

Талқылау