Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде автобус күтіп тұрған ер адамның басына аялдаманың шатыры құлап кетті

Өскеменде ер адам қаладағы жаңа аялдамаға шағымданды. Айтуынша, ол автобус күтіп тұрған кезде басына аялдама шатырының бір бөлігі құлап кеткен, деп жазады Stan.kz.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Усть-Каменогорск|Куда сходить (@uka_city_)

Instagram желісіндегі Uka_citу тобында жарияланған ақпаратта оқиғаның Шығыс Қазақстандық мемлекеттік техникалық университет төңірегіндегі «Студенттер қалашығы» аялдамасында орын алғаны көрсетілген.

«Аялдамаларды ауыстырды. Одан не пайда? Ескілері тым болмағанда басыңа құламайтын және үстіңе су төгілмейтін. Аялдамада автобус күтіп тұрсам, шатыры басыма құлады. Онымен бірге онда жиналып қалған жаңбыр суы үстіме төгілді. Нәтижесінде үстім малмандай су күйде жұмысқа бара жатырмын», – деп келтірілген ер адамның сөзі.

Сонымен қатар ер адам өзге тұрғындардан абай болуын сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау