Өскеменде 5-сынып оқушысы сабақ үстінде өзіне қол жұмсамақ болды
Өскеменде 5-сынып оқушысы терезеден секіріп кетпек болды. Оны мұғалімі тоқтатып қалды.

Бұл туралы YK-news хабарлайды.
Оқушы сыныптасымен сөзге келіспей қалып, терезеден секірмек болған. Мұғалімі оған тоқтау салды. Баланың жағдайы жақсы. Мектеп басшылығы мен психологтің айтуынша, оқушы психологиялық ауытқушылығына байланысты есепте тұр.
“Үнемі қолын қысып көзін жұма береді. Сөйлескенде қымсынады”, – дейді мектеп психологі.
Ал, мұғалімі оның сабақ үлгерімі нашар екенін, алайда тәртібі жақсы болғанын айтады.
Оқушыны анасы мұның бәріне мектептегілерді кінәлап, прокуратураға арыз жазды. Айтуынша, баласы мектеп қызметкерлерінің кесірінен осындай жағдайға душар болған. Мектеп басшылығының жалған айтып отырғанын жеткізді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты