Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 14 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Облыс орталығында 14 жастағы қыз тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп көз жұмды.

fgxzQESz4lg

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Қайғылы оқиға 16 сәуір күні кешке болған. 14 жастағы мектеп оқушысы Гагарин көшесіндегі бульвардағы тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Әзірге нақты анықталмаған дерек бойынша сол уақытта қыздың қасында оның құрбысы да болған. Жасөспірімді танитын қыздар әлеуметтік желіде проблема жеке мәселесінен туындаған болуы мүмкін деп жазып жатыр.

ШҚО ішкі істер департаменті мектеп оқушысының өз-өзін өлтіргенін растағанымен, нақты мәлімет бермеді.

“ҚР қылмыстық кодексі “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды,” – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Қайтыс болған қыз 15 жасқа толарынан екі күн бұрын көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Ақмолада тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті (видео)

Қарағандыда тісін емдетуге барған оқушы қыз ажал құшты

Ақмола облысында су басқан үйден әйел адамның денесі табылды

ОҚО-да көлікті басып озбақ болған жүргізуші үш адамның өліміне себепкер болды

Талқылау