Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны экс-әйелінің әпкесін өлтіріп, анасын пышақтап кетті

Өскеменде тұратын Тәжікстан азаматы әйелімен ажырасқанына оның туыстарын кінәлап келген. Ол ішімдікке сылқия тойып алып, экс-жұбайының әпкесін өлтіріп, анасына пышақпен ауыр жарақат салған.

Бұл туралы altaynews.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

45 жастағы Арбоб пен Ольга Өскеменде танысып, шаңырақ көтерген. Екеуінің ортақ егіз қыздары бар. Алайда егіздер дүниеге келген соң ер адам өзгеріп сала берген – ішімдікке салынып, әйелін ұруды әдетке айналдырған.

Әйел жарының туыстарынан талай мәрте көмек сұрағанымен, оған ешкім қол ұшын созбапты. Ақырында қорлыққа шыдамаған Ольга ажырасуға өтініп беріп, қыздарымен бірге анасына кетіп қалған.

Шамамен бір айдан соң, Арбоб олардың үйіне келіп, туыстарынан үлкен көлемде ақша алғанын, оған пәтер сатып алатынын айтқан. Бірақ бұл кезде Ольганың өзі үйде болмапты. Анасы болса оны үйге кіргізбеген. Бұған қоса, қызы күйеуіне оралған жағдайда оны кешірмейтінін мәлімдеген.

Арада тағы бірнеше ай өткен соң, Ольга Арбобтың пәтерінен тоңазытқыш алып кетпекші болған. Анасымен бірге Арбобтың үйіне барғанымен, оны таба алмапты, бұл шақта азамат жұмыста болған көрінеді.

Келесі күні Ольганың анасы екінші қызын ертіп бұрынғы күйеу баласының үйіне қайта келген. Ішімдікке сылқия тойып алған ол Ольгамен ажырасқанына экс-енесін кінәлай бастаған.

Бұдан кейін ер адам бұрынғы әйелінің әпкесіне пышақ ала жүгірген. Бірнеше жерінен соққы жұмсап, ауыр жарақаттаған. Анасы қанша жалынып-жалбарынғанымен, экс-күйеу бала оған жауап қатпапты. Тіпті, енесіне пышақ сұғып алған. Әйтеуір бір кезде анасы Ольгаға хабарласудың ретін тауып, полиция шақыртуды өтінген.

Артынша Арбоб әйелге тағы бір соққы жұмсап, артынша пышақты өзінің ішіне сұғып алған.

Пәтерге келіп жеткен Ольга ішін басып отырған анасын, жерде қансырап өлім аузында жатқан әпкесі мен дивандағы күйеуін көрген.

Ольганың әпкесін дәрігерлер құтқарып қала алмады. Ал анасы аман қалды. Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық әйел Корей азаматын қызымды азғындады деп айыптады

Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр

Астанада ер адам гаражды ұрлап, темір-терсек қабылдау пунктіне өткізіп жіберген

Шымкентте жалғызбасты ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр

STAN.KZ
Жұма, 05 Қаңтар, 2018 15:23
Талқылау