Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны қоқыс контейнерінен адамның бас сүйегін тауып алды

Қала тұрғыны Металлургов көшесіндегі қоқыс контейнерінен адамның бас сүйегін тауып алған.

7474

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Қазір полицейлер оны сараптамадан өткізіп, тексеріп жатыр.

“Мен Метталургов көшесіндегі үйдің алдындағы қоқыс бәгінен бас сүйекті көрген соң, бірден полицияға хабарластым. Полицейлер келіп, менің айтқандарымды жазып алған соң, сүйекті алып кетіп қалды. Одан әрі қарай не болғанын білмеймін. Мүмкін ол макет шығар, өйткені ол боялған секілді. Осының бәрін анықтап жатыр”, – деді тұрғын Алексей.

ШҚО ІІД аталған зат туралы ақпаратты растады.

“Тұрғынның тарапынан ондай шағымның түскені рас, полицейлер оқиға орынына барып бас сүйекке ұқсас затты алып келді. Алайда ол өте кішкентай, шын мәнінде не екені әлі белгісіз. Ол көрмедегі экспонатқа көбірек ұқсайды. Дегенмен, оны сараптамаға жібердік, соның нәтижесінде оның не нәрсе екені белгілі болады,” – дейді ІІД өкілдері.

Оқи отырыңыз:

Теміртауда баланы ұрлаған әйел күтуші болып екі-ақ күн жұмыс істеген

Бас прокурор: Ұрыларды базарға күзетшілердің өздері кіргізеді деп естідім

Атыраулық бизнесмендер түрмеде кәсіп ашып, 90 сотталушыны жұмыспен қамтыды

БҚО-да заңсыз қызмет атқарған діни ұйым анықталды

Талқылау