Өскемен әкімі қылмыс болған жерден не үшін кетіп қалғанын түсіндірді
Риддерде 19 жастағы Евгений Смольников көз жұмған жол-көлік оқиғасының басты куәгері, Өскемен қаласының әкімі неліктен рөлге отырып, оқиға орнынан кетіп қалғанын түсіндірді. Қуат Тұмабаев сол сәтте қастарынан өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін қуып жетпекші болдым, деп сендіруде. Қайғылы оқиғаның басты куәгері болған шенеунік бүгінгі тыңдалымға келіп, жол апатына қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК-ға сілтеп.
Бүгінгі тыңдалым айыпталушының талабы бойынша камераға түсірілмеді.
Қайғылы оқиға болған күні көлікті мас күйінде айдаған Риддер қаласы әкімінің орынбасары қала басшысын үйіне апара жатқан. Сөйтіп, ол жол бойында келе жатқан 19 жастағы Евгений Смольниковты байқамай, қағып кеткен.
Ал, сол көлікте болған Өскемен әкімі Тұмабаев телефон арқылы көмек шақырмақшы болғанда ұялы телефонын таба алмаған. Сол себептен, ол рөлге отырып, жандарынан өтіп кеткен жедел жәрдем көлігін қуып жетпекші болған. Бірақ 200 метр жүріп өткеннен кейін, оны полиция қызметкерлері тоқтатқан.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін марқұмның әкесі қайғылы оқиғадан кейін қызметінен уақытша босатылған қала басшысының да үстінен қылмыстық іс қозғауды талап еткен болатын. Енді ол өз ойынан бас тартып, қайғылы оқиғаға кінәлі бұрынғы әкім орынбасары Бауыржан Құрманбаевты бас бостандығынан айырмауларын сұрады.
Айта кетейік, атышулы іс бойынша сот шешімі ертең қабылданады. Жасөспірімді қағып өлтірген шенеунік бес жылға колонияға жабылуы мүмкін.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.