Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Көп балалы ана күйеуінің отбасының көзінше өзге әйелмен төсектес болғанын айтып жылады
Алматы тұрғыны 39 жастағы Гүлжахан өзінің жағдайын айтып, көз жасын тыя алмады. 6 баласын жалғыз өзі асырап отырған ана күйеуінен көп қорлық көрген. Тіпті, күйеуі балалары үйде болған кезде өзге әйелді алып келіп, төсектес болған.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Әйел сыры» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Жалғыз басты ананың айтуынша, оның пәтер жалдап жүргеніне 16 жыл болған.
«Ең бірінші қиындық – жалғызбастымын. Күйеуім бар деген аты ғана. 2015 жылдан бері мүлдем жоқ. Істі болған. Содан өз қайғысы өзінде. Үй болып кетейік деген ой жоқ. Бұл жерде мен қатты кетіп, ер адамдарға тіл тигізбеймін. Отбасын асырап жүргендер де бар. Бұл енді маған Алланың берген сынағы шығар», – дейді 6 баланың анасы.
Өз сөзінде ол күйеуінің істі болғанын айтты. Ол күйеуінің өтінішімен Астанаға барып, оны босатуды сұрап өтініш жазған. Алайда содан бері күйеуін көрмеген.
«Сен менің әйелімсің ғой. Өтініш жаз», – деді. Балаларымның әкесі болғаннан кейін, амал жоқ жаздым. Оны қараша айында шығарды. Мен оны көрген жоқпын. Көргім келмейді», – дейді Гүлжахан.
Бағдарлама барысында Гүлжахан өмірінде болған сұмдық жайт туралы да айтты.
«Адамның жүрегіне өшпейтін дақ салып кеткен еркектің маған не керегі бар? Ауыр болса да айтайын. Үйдегі бір бөлмеде мен балаларыммен жатсам, ол екінші бөлмеде басқа әйелді алып келіп төсектес болады», – деп ағынан жарылды көп балалы ана.
Сондай-ақ ол күйеуінің өзін ұрғанын да айтты.
«Қызының көзінше анасын сүйреп ұрып жатса… Мұндай әке не үшін керек?» – деп көз жасын тыя алмады ол.
Гүлжаханның айтуынша, ол жұмыстан қашпайды. Қандай жұмыс болса да балаларын асырау үшін бас тартпайтынын айтты.
Өз кезегінде «Шұғыла» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мейірхан Әбдірахманов оған жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтып уәде берді.