Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс қызына ғашық болған: Нұртас Адамбай алғашқы махаббаты жайлы айтты

Белгілі кинорежиссер Нұртас Адамбай алғашқы махаббаты жайлы баяндады. Киногердің жүрегінде махаббат оты балабақшада жүрген кезінде оянған. Нұртас небәрі 5 жасында орыс қызына ғашық болған, деп жазады Stan.kz.

Нұртас Адамбай

“Алғашқы махаббатымды Қызылорда қаласында балабақшада кездестірдім. Ол кезде 5 жаста едім. Есімі – Олеся болатын. Шашы ашық түсті, өте сүйкімді қыз еді. Ерте тұру керек болғандықтан, балабақшаға барғанды ұнатпайтынмын. Бірақ сол қызды қайта көретінімді ойласам, таң атпай тұруға құлшынысым оянатын.

Дәл қазіргідей, бала кезімде де өте ұялшақ бала едім. Сол себепті сезімімді сол күйі білдірмедім. Уақыт өткен соң, екеуміз екі жаққа кеттік. Екеуміз екі мектепте оқыдық. Кім білсін, кезінде өзіне қарап, бірақ ештеңе айта алмаған жігітті ол да еске алатын шығар? Ал сіздің алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме?” – дейді Адамбай.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау