Өрттен 20 баланы құтқарды: Газ маскасы салынған сөмке «Зимняя вишня» сауда орталығының аниматорына пайдалы болды

Фотограф-аниматор Кемеровода болған өртте газқағар салынған сөмкенің арқасында аман қалды. Ол дорбадағы газ масканы «Зимняя вишня» сауда орталығында болатын іздестіру ойыны кезінде балаларға кигізу керек болатын.

Бұл туралы «Московский комсомолец» басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мен өзіммен газ маскасы бар сөмке көтеріп жүрдім. Оның пайдаға асатынын кім білген. Мен өрт тұтанған кезде  балаларға газ маскасын кидіріп, оларды сыртқа алып шықтым. Кейбіреулері газқағарды өздері киіп жатты. Нәтижесінде 20 баланы аман алып шықтым»,- дейді «Московский комсомолец» басылымы Евгенийдің сөзін келтіріп.

Жас жігіттің сөзінше, ол балаларды ғимараттан шығарған кезде сауда орталығындағы барлық кіретін және шығатын есіктерді есіне сақтап, құтқарушыларға көмектескен.

«Мен басты куәгермін. Себебі өртті кімнің жаққанын көрдім. Қазір бәрін жария ете алмаймын, бірақ кейбір жайттарды айтып беремін. Өртті тұтатқан 12 жастағы жігіт еді. Сол күні ол аттракционды өртеуге тырысқан, бірақ оны уақытында тоқтатып үлгерді. Алайда біраз уақыттан кейін жасөспірім ойына алған ісін жасап тынды. Оның өзі де өртененіп кете жаздады, бірақ мен оны бірден байқап құтқарып қалдым. Содан кейін бүкіл мән-жайды тергеушілерге хабарладым», – дейді басылым куәгердің сөзін келтіріп.

Ал күдікті ретінде тергеуге ілінген «Зимняя вишня» сауда орталығының бас директоры да қайғылы оқиғаға жасөспірімдерді кінәлап отыр. Оның айтуынша, бір топ жасөспірімдер аттракцион маңында ерсі қылық көрсетіп жүрген.

Оқи отырыңыз:

Кемероводағы сауда орталығында өрт шыққан сәті видеоға түсіп қалған (видео)

Кемероводағы өрттен зардап шеккендердің саны 76 адамға жетті

Кемероводағы өртте қаза болған павлодарлық әйелдің ұлы: Менің балаларым, анам, әпкем және жиенім жанып кетті

Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар