Орманда 4 күн бойы адасып жүрген екі жасар қыз аман-есен табылды

Қытайда адасып кеткен екі жасар қыз 4 күн бойы орманда жүрген. Абырой болғанда, ол аман қалды.

Орманда 4 күн бойы адасып жүрген екі жасар қыз аман-есен табылды

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым мәліметінше, кішкентай қыз өзінің әпкелерімен бірге орман маңында орналасқан кішігірім ауылдың жанында ойнап жүрген. Алайда ол ну орманға кетіп қалып, адасып кеткен. Әкесі полицияға кішкентай қызының жоғалып кеткені туралы ертесі күні ғана хабарлапты.

700 полицей бүлдіршінді 3 тәулік бойы іздегенімен, нәтижесіз болған. Алайда төртінші тәулікте ауыл тұрғындарының бірі ағаштардың арасынан біртүрлі дыбысты естіп, полиция шақырған. Өз кезегінде полиция қызметкерлері ол жерден жоғалып кеткен қызды тауып алыпты.

Артынша қызды дәрігерлер қарап, оның организмі сусызданғанын айтқан.

4 күн бойы орманда болған қыз ауыр жарақат алмаған. Тек денесінің кей жері көгеріп, жараланып, жәндіктер шағып тастаған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар