Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орландо гей-клубындағы террорлық шабуылдауды “ИМ” ұйымы өз мойнына алды

Фларида штатына қарасты Орландодағы түнгі клубта болған атысты «Ислам мемлекеті» террористер тобы өз мойындарына алған. 100 адамның өмірін қиған қанды оқиғаны терроршылардың жасағаны жайлы Reuters  экстремистердің ақпараттандыру қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлаған.

матин

«АҚШ-тың Фларида штатына қарасты  Орландо  қаласындағы  түнгі гей-клубтардың біріне қарулы топ шабуыл жасап, 100-ге жуық адамның өмірін қиған еді. Бұл істі «Ислам мемлекеті» терроршылары жасады»,-деп жазған агенттік.

CNN-нің хабарлауынша  оқиғадан 20 минут бұрын  терроршы Омар Матин есімді азамат  911 яғни полицияға хабарласып ИМ адал екенін айтып ант ішкен.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде Бостон марафонында болған террорлық шабуылдау жайлы айтқан. 2013 жылы  ағайынды  Тамерлан және Джоха Царнаевтардың қатысуымен болған қанды оқиған. Ол кездегі шабуылдау кезінде үш адам мерт болып, 280 адам зардап шеккен еді.

Шенеуніктер матин есімді азаматтың өзгелермен бірге ИМ тобына қатысы бар деген арнайы күлік тізімінде болғанын айтқан.

Матин жайлы тағы бір ақпарат ол жеке күзетші болып жұмыс істеген.

Ол өзінің арам пиғылын жүзеге асыру мақсатында жалға көлік алып,  Орландо қаласына барған.

Бұған дейін ИМ қатысы бар деген Twitter желісіндегі парақшады  матиннің суреті қойылып төмендегідей ақпарат жазылған еді: «Бұл адам  Флоридадағы түнгі клубқа шабуыл жасады. Нәтижесінде 50-ге жуық адам өліп, ондаған адам жарақаттанды»

Бірақ ол кезде ИМ атынан ресми мойындау хабарламасы жарияланбаған еді.

Бұған дейін республикашылдардың  конгресмені Питер Кинг биліктің болжауынша  матин қару иемденуде арнайы дайындықтан өткен деп болжаған еді. Тура қазір Матиннің жеке басына қатысты араласатын адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Pulse  гей-клубындағы қанды оқиға жексенбіге қараған түні болған. 12 маусым күні клубта 320-ға жуық адам болған.

Оқиға салдарынан  53 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, қазір олар аурухаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Қаскөй  29 жастағы Омар Матин есімді жергілікті тұрғынның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Оның отбасы Ауғанстаннан көшіп келіпті. Ол бейберекет оқ атып, бірнеше адамды кепілдікке алған. Полиция 3 сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді.

 

Талқылау