Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікті әйел екінші баласына екіқабат

11 жасар Өркен Азаматұлының өліміне күдікті ретінде ұсталған оның өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева сотта өз кінәсін мойындамай қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170123145618

Қазіргі таңда оқушы өліміне қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталған. Олар – кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямов, 1980 жылы туған Шәрипа Ақбердиева – Өркеннің өгей шешесі; 1997 жылы туған Айдана Ақбердиева – Шәрипаның қызы; 1995 жылы туған Тимур Ақбердиев – Шәрипаның ұлы; 1990 жылы туған Руслан Муталиев – Алматыда такси жүргізушісі.

Сондай-ақ, сот барысында кәмелетке толмаған Гулчмовтың “эпилепсия” диагнозы бойынша есепте тұрғаны да анықталды. Ол сотта қылмысқа өгей шешесі мен ағасы Тимур Ақбердиевтің қысымымен барғанын айтты. Ал Шәрипаның қызы Айдана Ақбердиеваның екі жасар баласы бар. Қазір өзі жүкті.

Мемлекеттік айыптаушы күдіктілерді екі айға қамауға алуды сұрады.

“Мен қарсымын. Мен кінәлі емеспін”, – деп мәлімдеді күдікті Шәрипа Ақбердиева. Күдікті Муталиев та кінәсізбін деп отыр. Оның адвокатының айтуынша, Муталиев тек оларды тасыған, қылмысқа араласпаған. Бұған дейін баланың әкесі баласын өз қолымен өлтірген қылмыскердің өмір бойына сотталуын талап еткен еді.

Бұған дейін 11 жасар баланың көршілері үнемі ұрыс-керіс болатынын айтып шағымданған еді.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған. Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды (видео)

Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

Ақтөбелік шенеуніктердің мәдениетсіздігі жұртты шошытты

Талқылау