“Ордалықтар” әнші Төреғали Төрәліні әжуалап жатыр

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 16:32

Төреғали Төрәлінің “Қазақ жігіттері бір-біріне видео сәлемдеме ғана жолдайтын болған ба? Жекпе-жек керек болатын болса, онда басқаша болсын” деген сөздерінен кейін “Орда” тобымен арадағы келіспеушіліктердің нүктесі қойылғандай болатын. Алайда Ерболат Беделхан әлі де әріптесін сынап жүр.

image

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

“Орда” тобының солистері мен Төреғали Төрәлінің арасындағы даудың нүктесі қойылар емес. Дастан Оразбеков “Төреғали сияқты жігіттер тыңдарманды алдағанын қойсын. Мен оларды сыйлаймын, араласамын, бірақ өнерге келгенде халықты алдағанын қаламаймын”,- деп хит әндерінің көбісі шетелдікі екенін тілге тиек еткен болатын.

Бұл сынды естіген Төреғали “Ол айнаға қарап айтатын әңгімесін айналаға қарап айтып қалған байқамай” деп бірден ашуланып, артынша өзге елден алған әндерін жіпке тізді. Ол – “Байқоңыр” мен “Төрешім” екен. Бірақ әнші бұларды халықты алдау мақсатында емес, бұлай таңдау жасауында астарлы саясат бар екенін айтқан-ды. Бұдан өзге “Ninety one”  тобын ағалары Ринат Зайытов пен Тоқтар Серіковке қосылып, “шайтанға” теңеген.

Бұл жолы “Орда” тобының тағы бір мүшесі Ерболат Беделхан әлеуметтік желіде Төреғалидің сындарына қарсы пікір білдіріп, оны әжуалайтын суреттер салып жатыр.

Қазақ жігіттерінің бұл тартысы қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Ал Төреғали айтқан сөздері үшін кешірім сұрамайтын сыңайлы.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Төреғали өзінің әндерін сынаған Дастан Оразбековты жекпе-жекке шақырғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ордалыктар оздерің дұрыстап алсын!!! Бір соқса қулап қалатындай түрлерін дұрыстасын!!! Төреш алға.

  • Жұмбақ жан says:

    Мыналары енді ұят.Жігітке тəн мінездері қайда кеткен.

  • Жұмбақ жан says:

    барибир Торегалиге жететин анши жок, бирак мына фотоларын уят екен! Торегали сен мыктысын! ана жигиттерге караудын ози жиркеништи кудай сактасын артык кетсем!

  • Жұмбақ жан says:

    мына ербрлат беделхан және орда тобы өздерін жұлдыз санап алғаны ай ТӨРЕҒАЛИ жарайсыңсенің әндерің ХИТ бауырым

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар