Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ордабасы” футбол клубы 5,5 млрд теңгеге сатылды

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы сатылды. Электронды сауда-саттық арқылы саудаланған нысан құны 5 жарым млрд теңге.

Сурет: KazFootball

Бұл ақпарат gosreestr.kz сайтында жарияланды.

Облыстық қаржы басқармасы өкілінің ақпарынша, клуб кейіннен сатып алу құқығымен 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп отыр. Тек содан соң ғана жаңа қожайын  тиісті соманы төлеп, сатып ала алады. Оған дейінгі аралықта жаңа қожайын «Ордабасыны» қаржыландыруға 120 млн теңге құя отырып, барлық жұмыс орындарын сақтап қалуға міндетті.

Нысанның бастапқы бағасы 248 млн 983 мың теңге болған. Алайда облыстық қаржы басқармасының басшылығы бұл саудаға қатысты сұхбат бермеді. Жаңа қожайын кім болғаны жайлы да жақ ашпады. Айта кетейік, Шымкенттің намысын жасыл алаңда қорғап жүрген команданың ойыншылары жуырда ғана қола медальды қанжығаға байлады. Дәл қазіргі уақытта ұжым кезекті еңбек демалысында. Алда оларды жаңа маусым күтіп тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Forbes нұсқасы бойынша ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға сырғыды

Опасыздық жасағанына өкінген Аршавин бұрынғы әйелімен қосылғысы келіп жүр

25 жастағы футболшы алаңда ойнап жүрген жерінде көз жұмды

Талқылау