Оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу жеңілдетілді

Бейсенбі, 24 Тамыз , 2017 19:10

Оралмандар енді Қазақстан азаматтығын қиындықсыз ала алады. Бұрындары Қазақ елінің азаматы атану үшін қандастарымыз 3-5 жыл сарсаңға түссе, қазір құжатқа бір жыл ішінде қол жеткізуге болады.

20160805131829-768x512

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы almaty.tv хабарлайды.

“Былтыр көбі Өзбекстаннан келген болса, ал биыл 217 адамның ішінде 63 пайызы Қытай Халық Республикасынан болып жатыр”, – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бөлім басшысы Күлсін Ысқақова.

Егемендігімізді алғалы бері елімізге 284 отбасы, яғни 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келген. Бүгінгі күні Отанына ораламын деген азаматтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматы болу. Сондықтан, қолданыстағы заңнамаға азаматтықты алуға барынша жеңілдік қарастырылған.

Атап айтсақ, Қазақстанға оралған бауырларымыздың қоныстанған өңіріне қарамастан 5 күннің ішінде «оралман» мәртебесі беріледі. «Оралман» мәртебесi азаматтықты алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтарымен барлық салада тең құқыққа ие болу үшін берiледi. Ал одан кейін тұрақты тұруға рұқсатты жеңілдетілген түрде 3 ай ішінде алуға болады. Және оны алу үшін басқа шетелдіктер сияқты төлем қабілеттiлiгiн растаудың қажеті жоқ.

Біздің елге кірген визаның түріне қарамастан оған тұрақты тұру рұқсаты беріледі. Осы рұқсатты алғаннан кейін жеңілдетілген түрде 3 айдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігі туындайды. Сол себепті келіп жатқан қандас бауырларымыздың құжаттары барлығы түгел болып, рәсімдер уақытында жасалса, оларға 6 айдың ішінде Қазақстан азаматтығын алуына болады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 6 баланың анасы Алла разылығы үшін мектеп заттарын алып беруге өтініш жазып көмек сұрады

Балабақшада орыс қызына «әпшу» берген 3 жасар ұлдың үстінен сотқа арыз түсті

8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы облыс әкімінен грант алды

Қазақстандық жастар тойға деп жинаған ақшаларын қайырымдылыққа берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар