Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық зейнеткер 20 жыл бойы пәтерінен қоқыс шығармаған

Оралдық 85 жастағы зейнеткер Анна Хвостикова 20 жыл бойы пәтерінде жиналып қалған қоқыстарды сыртқа шығармай келген. Қазір ол тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығына жеткізілді.

898

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Зейнеткердің әрекетін көршілері аңдап қалған. Кейінірек еріктілер зейнеткердің үйін тазалауды бастап кетті. Үйде коммуналдық қызметтен тек жылу ғана істеп тұр. Су, кәріз, жарық пен газ атаулы мүлде жоқ.

“Мен бұл жерде аз уақыттан бері тұрамын. Сұмдық жағдайды біле салысымен, әкімдікке хабарластым. Қазір еріктілер үйді жинастырып жатыр”, – дейді үй тұрғыны Елена Кулик.

20170220_153933_resized-1-800x600-768x432

Көршілерінің айтуынша, әжей бала кезінен бері мүгедек екен. Оның ата-анасы қайтыс болып, өзі ешқашан күйеуге шықпаған.

“Жайық Таза Қала” ЖШС қоқысты шығару үшін жүк көлігін берген. Еріктілер арнайы киім киім жұмысқа кіріскен. Пәтерде тыныс алу тіпті де мүмкін емес.

“20 жыл бойы әйел бірде-бір қоқысты сыртқа шығармаған. Қоқыс көлемі өте көп. Жұма күні бір жүк көлігіне тиеп алып кетіп, бүгін тағы келіп отырмыз”, – дейді “Жас Отан” жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.

20170220_155244_resized-800x600-768x432

Ал әйелді бейімдеу орталығына жеткізіп, жуындырып, таза киімдер берген.

“Біз 85 жастағы әйелге көмек көрсеттік. Қазір оны емдеу орталығына ауыстыру туралы мәселе шешіліп жатыр”, – дейді бейімдеу орталығының директоры Құрманғали Байғаржанов.

 

Талқылау