Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық полицейлер жаңа туған нәрестесін өлтірген анаға іздеу жариялады

Оралдық полицейлер жеті күн бойы жаңа туған нәрестені өлтірген көкек ананы іздестіріп жүр. Жантүршігерлік оқиға, бір апта бұрын 5 наурызда болған. Белгісіз әйел жаңа туған сәбиін Дерқұл ауылындағы зират басына тастап кеткен.


Бұл туралы “Мой город” хабарлады.

Жаңа туған нәрестенің денесін Дерқұл ауылының мектеп оқушылары ескі зираттың жанынан сағат 19: 00-де тауып алған.  Оқушылар қарда жатқан баланы көріп, көшедегілерді көмекке шақырған.

Куәгер Мәмбетованың айтуынша, ол жұмыстан келе жатқанда мектеп оқушылары бір нәрсеге үңіліп тұр екен.

«Мен балалардың жанына келгенде, олар онда жаңа туылған сәбидің жатқанын айтты. Жақындап қарамсам, шынымен де шүберекке оралған  нәрестенің денесі екен. Содан бірден зираттың кезекші бөліміне барып, полицияға хабарластық», – дейді Гиният Мәмбетов.

Шақалақты зират басына кімнің тастап кеткені әлі белгісіз. Бұл іспен полиция қызметкерлері айналысуда.

Қатігез анаға қарсы ҚР ҚК-нің 100-бабы «жаңа туған сәбиді анасының қасақана өлтіруі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың санкциялары баласын өлтірген әйелді 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 42 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетті

Тағы да оқыушы өлімі: Көкшетауда 11-сынып оқушысы өзіне қол салды

Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады

Қыздың бұтына жабысып билеген жігіт елдің ашуын келтірді (видео)

Талқылау