Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы жарылыс кезінде жарақат алған мұғалім алты рет ота жасатқан

Оралдағы жарылыс кезінже жараланған Әселім Нығметова Ресейдің Самара емханасында ем алуда. Ол терісін қалпына келтіру үшін алты рет ота жасатқан.

Бұл туралы “Мой Город” хабарлады.

«Әселімнің терісінің 40 пайызы қалпына келді. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр және оған күйеуінен басқа ешкім кіре алмайды. Ол кешенді емделуден өтіп жатыр. Оған әлі де ота жасалады», – дейді Ерлан Нығматулин.

Оның айтуынша,  бірнеше күннен кейін қабылданған емнің сомасы шығарылады. Бірақ қанша болатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, Оралдағы үйлердің бірінде жарылыс болып, 6 адам зардап шеккен еді. Салдарынан 37 жастағы жүкті әйелдің денесінің 85 пайызын күйік шалған.

Тағы оқыңыз:

Қарағандыдағы оқушы өлімінің себебі: 7-сынып оқушысы селфи жасамақ болып абайсызда көз жұмған (фото)

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздардың анасын шақыртып бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан

Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан

Талқылау