Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың анасы жауапқа тартылуы мүмкін

Оралда жоғалып кетіп, табылған 3-сынып оқушысы Ескендірді ювеналды полиция қызметкерлері есепке алды. Ал кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия оның анасын жауапқа тартуы мүмкін.

Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың анасы жауапқа тартылуы мүмкін

Бұл туралы «Уральская неделья»  басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиғағ қатысты іс кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссияға жіберіледі. Баланың анасы жауапқа тартылатын-тартылмайтынын комиссия шешетін болды.

«Бүгін біз Ескендерді есепке алдық. Себебі бала үйден бірінші рет кетіп отырған жоқ. Ол 26 қыркүйекте де үйінен кетіп, қаланы кезіп жүрген. Бұл іспен комиссия айналысып, отбасыға психологтың көмегі қажет пе, жоқ па, шешетін болады», – дейді кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша аға инспектор, полиция майоры Мадина Құспанова.

Оның айтуынша, баланы қаладағы супермаркеттердің бірінен табылған.

«Баланы іздестіруге ювеналдық полицияның 15 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар іздеуге шұғыл-тергеу тобының, қылмыстық полицияның қызметкерлері де қосылды.олар компьютерлік клубтарды, дүкендерді, супермаркеттер мен сауда орталықтарын аралады. Бала 6-ықшам ауданнан кешкі сағат 20:00 шамасында табылды. Ол осы уақыт бойы қаланы кезіп жүрген», – дейді Мадина Құспанова.

Еске сала кетсек, Оралда 9 жасар бала жоғалып кеткен еді. Ол кешкі сағат 20:00 шамасында табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау