Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жергілікті полиция қызметінің басшысы алаяқтығы үшін айыпталып отыр

2014 жылдың аяғында Орал қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полициясы бөлімінің инспекторы, ал биылғы қаңтардан қалаға қарасты Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметін атқарып келген Берік Тілеулиев қызметтік тұрғын үй алуға көмектесемін деп Р. деген азаматшадан 1 млн. астам теңге алған.648832a67b21fde2fecb8748216

Сурет: kapital.kz 

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, уәделі мерзімінде үй алмаған әрі ақшасы кері қайтпағандықтан, аталған азаматша департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз түсірген. Бұл арыз ірі көлемде жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Орал қаласы прокуратурасының санкциясымен Б.Тілеулиев 12 мамыр күні уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, 14 мамыр күні кепілдікке босатылған.

Қазіргі кезде Б.Тілеулиевке қатысты қылмыстық іс айыптау бағытымен Орал қаласы прокуратурасына жіберілді.

Талқылау