Қабатовтың концертін ұйымдастырушылар ағашқа афиша ілгені үшін айыппұл төлемек
Жергілікті полиция қызметі Тұрсынбек Қабатовтың концертін ұйымдастырушыларға хабарландыру парақшаларын заңсыз іліп тастағаны үшін 21 мың теңге айыппұл салынған.

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.
Ұйымдастырушылар заң аясынан тыс әрекет еткен. Олар концерттің хабарландыру парақшаларын бағаналарға, ағаштарға іліп тастаған. “Қала аумағындағы ережелерді сақтамау” бабымен кінә тағылып, 21 мың теңге айыппұл салынған.
“Ұйымдастырушыларға қатысты хаттама толтырылды. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді”, – дейді жергілікті полиция қызметі.
Егер концерт ұйымдастырушылары айыппұлды 7 күннің ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік жасалуы мүмкін. Ұйымдастырушылар, Тұрсынбек Қабатовтың концертіне шақырған афишаларды бүкіл қала бойынша- бағаналарға, аялдамаларға, дүкендердің есіктеріне жапсырып кеткен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"