Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Шымкенттік бейтаныс қызға бір бүйрегін сыйлаған оралдық жігіт шаңырақ көтерді (фото)
Шымкенттік бейтаныс қызға бір бүйрегін сыйлаған оралдық Абзал Әділовөткен демалыс күндері шаңырақ көтерді.
Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Анықталғандай, той алдында мейірімді жандар Абзалға хабарласып, өз қызметтерін тегін ұсынған. Осылайша, асаба, жүргізуші, видеооператор мен фотосуретші тойда көрсеткен қызметтері үшін ақша алудан бас тартыпты.
Абзалдың жүрек таңдауы Айгерім есімді шымкенттік бойжеткенге түскен. Ол жас жігіттің мейірімділігі мен қамқорлығы туралы білгеннен кейін, онымен бірге алыс жердегі Оралға барудан қорықпаған.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қазан айында Абзал Әділов шымкенттік Жәмила Байсеріковаға өзінің бір бүйрегін берген еді. Қызға шұғыл түрде бүйрек алмастыру отасы жасалуы керек болғандықтан, Абзал өз еркімен донор болыпты. Алайда оның жұмысқа орналасуға қатысты қиындықтары пайда болған. Себебі, жігітке бір жылдай уақыта 5 келіден ауыр зат көтеруге тыйым салыныпты. Ол өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған, сондай-ақ, күзетші мамандығы бойынша да жұмыс табылмапты.
Абзалдың сөзінше, ол туралы басылым беттерінде жазыла бастағаннан кейін, қала әкімдігі оны шақырып, күзетші болып жұмыс істеуді ұсынған.