Оралда оқушы қыз дене шынықтыру пәні кезінде екі саусағынан айырылды

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 18:10

Оралдағы №36 мектептің оқушысы футбол алаңында жүгіріп жүріп баскетбол торына жарақаттанып, екі саусағынан айрылды.

20161020170527

Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды.

«Қайғылы оқиға 4 қазан күні болды. Маған мектептен хабарласып, қызымның жарақаттанғанын хабарлады. Мен күйеуіме айтып, оны алып келуін сұрадым», – дейді анасы Асима Ғабдулова.

«Ота жасатан соң хирург бізге Дашаның екі саусағының кесілгенін, оның бірін кесілген бөлшегіне тігіп, екіншісін сол күйі қалдырғанын айтты. Мен олардан «Екіншісін де неге тікпедіңіз» деп сұрағанымда екінші саусағының жартысы болмағанын айтты», – дейді анасы.

Келесі күні ата-анасы мектепке барып спорт алаңында баскетбол торының неліктен төменде тұрағынын, оған 1 метр 36 см бойлы қыздың қалай жарақаттанғанын білмек болды.

Анасы директормен сөйлесе алмағанын, оның кінәм жоқ деп ақталғанын айтады. Мектеп басшысы оларға дөрекі жауап беріп, қолдан келгенінше шағымдана алатындарын айтқан.

Осыдан соң ата-ана ІІД Абай аудандық бөліміне арыз жазып, баланы мүгедектікке жеткізгенін айтады. Олар осындай арызды білім беру министрлігіне де жолдаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қызының саусағын қиған баскетбол торы қармақ бауынан жасалған екен. Анасы осындай қауіптілікке апарған кінәлі жандардың жауапқа тартылуын қалайды.

Жіберіп алмаңыз:

Саясаттанушы сауда орталығындағы сатушының қазақша сауалына жауап бермей дауласқанына ашынды

Жұмыртқа жеудің денсаулыққа пайдасы

Семейде жас жігіт ішімдіксіз өтіп жатқан кешке қызу келгені үшін әріптесін ұрып тастады

БҚО-да көше бойында ауыр жараланған ер адам есін жимастан көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар