Оралда мектеп мұғалімі концерт қойып жатқан кезде сахнада көз жұмды
Орал қаласында 55 жастағы мұғалім көз жұмды, деп хабарлайды Мой город.
Ольга Петровна Ильясова есімді мұғалім 1 мамырға арналған концерт кезінде көз жұмды. Марқұм мұғалім мектепте 35 жыл ұстаздық еткен.
Желаево кентіндегі №14 мектепте 55 жастағы мұғалім көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліміметінше, әйел жедел-жәрдем қызметі келгенше мерт болды. Ол мектептің акті залында жатқан жерінен қайтыс болды.
Марқұмның артериалды гипертензия дертімен ауырғаны белгілі болды.
“Ольга Петровнаның 2-сыныбы концерт қойып жатқан. Мұғалім соларға қарап тұрған. Бір уақытта өзін нашар сезініп, отыра кетті. Оқушыларды сыртқа шығардық. Ата-аналар мен мұғалімдер ғана қалды. Оны құтқарып үлгермедік. Соңғы кезде көп ауырып жүрген еді. Біз үшін үлкен қайғы. Жақындарына көңіл айтамыз”, – дейді директордың орынбасары Мәди Қыдырова.
Дана Рахметова
Тағы да оқыңыз:
Жан Ахмадиев жезөкшемен бетпе-бет кездесті (видео)
Үшінші рет әке атанған Бүркіт қызына ерекше есім берді
“Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушілері ұятқа қалды (видео)

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
