Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Бұл жантүршігерлік қылмыс 8 сәуірде, түстен кейін болды. Семей қаласының тұрғыны Ақерке Қозыкешева екі жасар баласын күйеуінен алу үшін Оралға келген. Ақерке ол жаққа кішкентай ұлын қатты көргісі келгендіктен барған. Ол күйеуінің баланы оңайлықпен бермейтінін біле тұра онымен кездесуді шешкен.

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Бұл туралы Уральская Неделя хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайтыс болған қыздың туысы Семейден келіп марқұмның денесін туған жеріне алып кетті. Олар үшін бұл жағдай қатты соққы болды. Марқұмның екі туысы қарындастарының өмірін баяндап, көз жастарын әрең жасырып отыр.

«Біз Ақеркені мәйітханада көргенде, оны танымай қалдық. Қарындасымның бетінің сау тамтығы жоқ. Беті- басы бәрі сынған, денесі соққыдан көгеріп кеудесі пышақталған. Сот сарапшысы Еркеміздің барлық қабырғалары сынғанын айтты. Оны неліктен сонша ұрды? Не үшін өлтірді? Ол мейірімді, көңілді жан еді. Оған ашуланатынай, мен оның біреу-міреуге дауыс көтергенін көрген емеспін», – дейді қыздың анасының кіші ағасы Ержан Сарқытбеков.

Қаракөз қарындасынан айырылып қалған Ержан Ақерке Шығыс Қазақстанда туып-өскенін және Семейде анасымен бірге тұрғанын айтты.

Марқұм 2015 жылы Орал қаласының тумасы Саят Қозыкешов есімді жігітпен танысып, оған тұрмысқа шықты. 2016 жылы отбасыда Әлішер атты ұл бала дүниеге келді.

Содан кейін күйеуінің ата-анасы немерелері Әлішерді өзіміз қараймыз деп, Ерке мен оның күйеуін Ақсайға ақша табу үшін баруға көндіре бастаған. Содан кейіін Ақерке күйеуімен бірге Ақсайға барып жұмыс істеуге келісімін берді. Ол жұбайы Саятпен бірге Ақсайда жұмыс істеп жүргенде Ерке анасына қоңырау шалып, күйеуінің кейде оны ұрып-соғатынын айтып шағымданған. Ал Саяттың ата-анасы болса келіндерін қорғамай, әрқашан ұлдарының сөзін сөйлеген.

2017 жылдың қазан айында Ақерке сол білегінен пышақ жарақатын алып Ақсай қаласындағы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рапорт құрастырды. Кейін Ақерке дәрігерлерге күйеуінің жарақаттағанын айтқан. Кейін өз сөздерінен бас тартып, полиция қызметкерлеріне пышақпен өзі жарақаттанып қалғанын түсіндірген соң іс жабылған.

Біраз уақыттан кейін Саят жұмысқа кететінін айтып, хабарсыз кеткен. Сонымен қатар ол қоңырауларға жауап беруін тоқтатты, – дейді Ержан. Ал Ерке болса күйеуінің Оралдағы ата-анасына барады. Олар марқұмға ұлдарының  онымен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Саяттың ата-анасы Еркеге Семейге қайтуын өтініп, Әлішерді өздерімен бірге тұрады деген.

Содан кейін Ақерке анасы Бибігүл Ермұхановаға хабарласып, оған мән-жайды түсіндірген. Бибігүл Ермұхановаға жағдайды естіп Семейден Оралға келген. Ақерке екі ай бойы ұлын көре алмаған. Себебі күйеуінің ата-анасы айқайлап, оны үйден қуып шыққан. Осы жағдайдан кейін Ақерке қорғаныш  органдарына, полицияға және прокуратураға жүгінген. Ол әрең дегенде өз құқығын қорғап, 2018 жылдың ақпан айында Әлішермен және анасымен бірге Семейге кеткен.

Ақерке ұлын алып кеткеннен кейін, оның күйеуі Саят Семейге келіп, әйелі мен енесі Бибігүлден кешірім сұраған. Ол енді ата-анасымен бірге тұрмайтынын айтып, отбасымен бірге Семейде қаламын деген екен. Ерке күйеуінің сөзіне сеніп, екеуі татуласқан. Қайта қосылған ерлі-зайыптылар ұлдарымен бірге ойын-сауық орталығына барып, серуендеген.

Кейін күйеуі әйеліне сұлулық салонына барып, тырнақ жасатып ал деп ұсынған. Аңғал ана жұбайының сөзіне сеніп, оның ұсынысынан бас тартпаған. Ақерке бір сағат өткеннен кейін салоннан шықса, күйеуі оның телефонын алып, ұлын ұрлап кеткен.

Саят баласын алып Оралға кетіп қалған. Ол әйеліне ұлын бермеген соң, Ақерке баласын қайтарып алу үшін сотқа арызданған. Біраз уақыттан кейін Ақеркеге соттан хабарлама келген. Онда ол баласымен кез келген уақытта кездесе алатыны, сондай-ақ сәбидің кімнің қолында қалатынын ерлі-зайыптылар өзара шешіп алулары керек делінген.

2018 жылдың 6 сәуірінде Ақерке Қозыкешова Орал қаласына келді. Ол теміржол вокзалына жақын маңда хостел жалдап тұрған. Марқұм қонақ үй қызметкерінен ұлымен және күйеуімен  кездесетінін айтып, бір күнге пәтер тауып беруін өтінген. Ақерке екі күн бойы күйеуіне хабарласқан. Ал жұбайы Саят 8  сәуірде ұлын пәтерге алып келетінін және мәселенің басын ашып сөйлесетіндерін айтқан. Ерке күндізгі екілер шамасында хостелден шығып кеткен. Сол күні, сағат бесте  БҚО ІІД-не оның қайын атасы Асылбек Омаров келіп, келінін бауыздап тастағанын айтқан.

«Тергеуші «Асылбек қызымызға Әлішерді бермеу үшін өлтіргенін айтып» мойындады дейді. Бірақ мен оған сенбеймін. Ол жалғыз болған жоқ, оған Саяттың да қатысы бар. Асылбек қарындасымды ас үй пышағымен өлтіргенін айтты, бірақ пәтерден қанды пышақ табылмады. Ол пышақтардың барлығы жуылып қойған. Ешқандай жерде саусақ іздері жоқ. Неліктен?», – дейді Ержан Сарқытбеков.

Марқұм Ақерке Қозыкешеваның туыстары Әлішерді әкесінің отбасынан алып, Семейдегі әжесінің тәрбиесіне беруді сот арқылы шешуге ниетті.

Оқи отырыңыз:

Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Алаяқтар интернет-банкинг арқылы адамдарды қалай алдап жүр?

Алло, Сәке. Бәкені жұмысқа орналастыршы: Алаяқ министр мен президент көмекшісінің атынан қоңырау шалып келген

Қарағандыда көліктерді жалға алған бірнеше таксист алданып 10 жыл бойы ақша төлеп келген

Талқылау