Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда екі қабатты үй өртеніп, тұрғындар терезеден секіріп аман қалды

Оралда Есқалиев 178 көшесінің бойындағы екі қабатты үйдің тұрғындары 7 мамырға қараған түні өрттен әрең аман қалған.

Оралда Есқалиев 178 көшесінің бойындағы екі қабатты үйдің тұрғындары 7 мамырға қараған түні өрттен әрең аман қалған.

Бұл туралы Мой Город-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Екі қабатты тұрғын үйдегі өрт 7 мамырда сағат 01.55-де болған. Үйде тұратын тұрғындар өрт кезінде аман қалу үшін терезеден секіруге мәжбүр болған. Төсек жапқыш арқылы терезелерден балалар мен тіпті әжейлерде түскен. Бірақ, жасы келген қарт аналар биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған.

Осы үйдің тұрғыны Нейли Кузнецованың айтуынша, көрші пәтерде ер адам қайтыс болған.

«Өрт түнде болды. Бірақ, біз ұлым жұмыстан келеді деп күтіп отырғандықтан, әлі ұйықтамаған болатынбыз. Содан ұлым келгенде, көршілеріміздің өрт басталғаныны туралы айқайын естідік. Ұлым қызым екеуімізді есіктен итеріп жіберіп, қашыңдар деді. Ал өзі құжаттарды және барлық бағалы заттарды алу үшін пәтерде қалды. Сол уақытта біреу өртенген пәтердің есігін аша қалып еді, бүкіл пәтерді қалың түтін басып қалды. Тіпті есіктер мен қоршаулар өрттен қозғалып кетті. Бұл үйден шыққан өрттен тұрғындар қырылып қала жаздады. Өйткені үй апаттық жағдайда тұрғандықтан, орталық есіктен көбісі шығып кете алмас еді. Мысалы, менің ұлым екінші қабаттың терезесінен секіріп, шықты»,-деді Нейли.

Оралда екі қабатты үй өртеніп, тұрғындар терезеден секіріп аман қалды

Пәтер тұрғыны бұдан басқа өрт кезінде мүгедек баланы орталық есіктен алып шыққандарын айтты. Ал баланың әжесі төсек жапқыш арқылы терезеден шығамын деп, құлап кеткен.

«Бір пәтерде 6 бала тұрады, олардың біреуі мүгедек. Оны қолға көтеріп алып шықтық, ал қалған барлық балалар мен сияқты терезеден түсті. Терезеден төсек жапқыш арқылы түсіп жатқанда қолым салмағымды көтере алмай, биіктіктен құлап кеттім. Енді өзіме керек жұмысты істей алмаймын. Жамбасым қатты ауырады», – дейді үйдің тұрғыны Соня Сариева.

Айта кетейік, өрттен кейін осы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен 46 жастағы ер адамның денесі табылды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық қызды 15 жасында жар еткен күйеуі опасыздық жасап, 5 баласымен тастап кеткен

Мас күйінде рөлге отырған: Павлодар-Қызылорда жолында көлік апатынан үш адам көз жұмды

Сотталған актер Ерлан Біләл 16,5 миллион теңге айыппұлды төлей алмай жатыр

Талқылау