Оралда екі күн бұрын біреудің джипін айдап кеткен бала тағы да көлік ұрлады

Жақында ғана біреудің көлігін айдап қашамын, деп жол апатын жасаған 9 жасар бала әлі де тәртіпке келмеген көрінеді. 9 тамызда ол тағы біреудің көлігін ұрлап кетіп, соғып тастады.

Оралда екі күн бұрын біреудің джипін айдап кеткен бала тағы да көлік ұрлады

Бұл туралы “Мой город” порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оралда екі күн бұрын біреудің джипін айдап кеткен бала тағы да көлік ұрлады

Екі күн өзгенің джип көлігін рұқсатсыз айдап кеткен оралдық 9 жасар бала бұл жолы “Тойота” маркалы автокөлікті ұрлады.

Оқиға 9 тамыз күні кешкі сағат 22:00 шамасында Орал қаласындағы Омега көпірі орналасқан ауданда болды. Кәмелетке толмаған бала «Теремок» дүкеніне жақын жерде тұрған көлікті айдап, қашып кеткен.

«Мен досыма келіп, аулаға кірдім. Біз біраз отырдық. Досыммен әңгімелесіп болғаннан кейін сыртқа шықсам, көлігім жоқ. Сол кезде көлік ашық қалуы мүмкін, бірақ кілт өзімде болды. Ол қандай да бір жолмен көлікті өзі оталдырған болып тұр. Сондай-ақ, сынық ескі кілт көлікте болған», – дейді Toyota көгінінің иесі Юрий Васильев.

Айта кету керек, бала көлікті ұрлап кеткеннен кейін көпірдің астындағы бағанаға барып соғылған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 9 жасар бала 6 тамыз күні де өзгенің көлігін айдап қашам деп жол апатын жасаған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар