Оралда екі аяғынан айырылған азамат кәсіппен айналысып бірнеше отбасыны асырап отыр

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 22:00

Біржан Қожақов мүмкіндігі шектелсе де мұң айтпаған жан. Ол осыдан 15 жыл бұрын екі аяғынан бірдей айрылса да еңсесін түсірмеді. Керісінше өзі секілді жарымжан жандардың басын қосып, Оралда жұмысшыларының басым бөлігін мүгедектер құрайтын кәсіпорын ашты. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлайды.

ук

Қазір Біржанның қол астындағы 37 адам жиһаз жасап, отбасыларын асырап отыр. Әсіресе, көздің жауын алатын ұлттық нақыштағы сандықтарға сұраныс көп.

2000-шы жылы полиция қатарында қызмет етіп жүріп Біржан екі аяғынан бірдей айрылған. Тәртіп сақшысын басшылары да далаға тастамай, техникалық байқау орталығынан жеңіл-желпі жұмыс тауып берді. Бірақ, жігіт ағасы бос уақытында қарап отырмай, ескі жиһаздарға жан бітіріп, жаңа кәсіпті игерген екен. Жасаған дүниелері өзгелердің көзіне түсіп, осылайша кәсібі дөңгеленіп кете барыпты.

“Бірде бір шопыр келіп: “Біржан, мынаны сатасың ба?”- деді.  Мен 4 жарым мың теңгеге сататынымды айттым. Содан сатып алды. Одан соң маған идея келді”, – дейді кәсіпкер Біржан Қожақов.

Ұлттық нақыштағы дүниелерді жасап, нарыққа шығарып отырған бұл шағын кәсіпорында 37 адам жұмыс жасайды. Олардың 20-ға жуығы мүгедек. Жиһазға басылатын ою-өрнектің бәрін Біржан өзі жеке қадағалайды. Қазір бұл дүниелер Ақтөбе, Атырауда мен Ақтауда сатылып жатыр. Тіпті кейбір тұтынушылар Біржанды арнайы іздеп келетін көрінеді.

“Сандық таңдап келдім. Ешқайда еш жерде мынадай жақсы жасалған сандық жоқ. Теледидардан көріп, әдейі осы кісіні іздеп келдім. Сандықтары өте жақсы, қол жетімді ыңғайлы әрі сапалы жасалған”, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Рәзия Құлмұқанова.

Біржан кәсіпкерлерді қолдауға қатысты түрлі бағдарламалардың көмегімен несие алмақ та болған. Бірақ, мүгедектерден мүлде үміт жоқ деді ме, банктер несие беруден бас тартыпты. Ақырында, тәуекелге бел буып, үстіндегі үйі мен астындағы көлігін сатуға тура келген. Дегенмен, ісі оңға басып, қазір табысқа кенеліп отыр. Тек бір қиындығы – қыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты мүгедектердің жұмысқа жетуі мұң болғандықтан оларды өз есебінен демалысқа жіберіпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар