Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бастығын ұрып өлтірген шенеунікке сот үкімі шықты

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитетінің аймақтағы өкілі Тілек Химедденов енді он жылын түрмеде өткізуі тиіс,-деп жазды КТК арнасы.

ББҚҚОО

Осыдан тура бір жыл бұрын Файзулла Төлегеновтің өлі денесі әріптесінің үйінен табылған еді. Алғашқыда сарапшылар оны жүрек талмасынан қайтыс болды деген шешім шығарған. Бұған сенбеген марқұмның туыстары қайта тексеруге арыз жазады.

Екінші қайтара жүргізген сараптама ауыр соққы болғанын ақыры анықтапты. Сот барысында анықталғанындай, мемлекеттік инспекцияның қос қызметкері қайғылы оқиға болған күні жұмыстан ерте сұранып кеткен.

Сөйтіп, олар Химедденовтің үйіне барып, арақ ішеді. Кейін екеуі төбелесіп қалған. Ал не нәрсеге келісе алмағаны сол күйі айтылған жоқ. Тілек Химедденов те кінәсін мойындамады. Енді ол 10 жыл отырып қана қоймай, қаралы отбасыға екі миллион теңге өтеуге міндетті.

Оқи отырыңыз:

Министрлік: Мемлекеттік қызметкерлерге намаз оқуға тыйым салу – түбегейлі шешілген жоқ

Еліміздегі мұғалімдерді шетелде демалдырып, баспанамен қамту жайы қолға алынбақ

Елбасы латын әліпбиіне көшетін уақытты атады

Депутаттар ауылдан келген жастарды баспанамен қамтамасыз етудің жолын ұсынды

Талқылау