Оралда ақ көйлек киіп, күйеу іздеген қыз полицияны дүрліктірді
Үстінде ақ көйлегі, аяғында шаңғысы, ал мойнында «Күйеу іздеймін» деп жазылған тақтайшасы бар бойжеткен полицияның назарына түсті.
Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды.
Елді дүрліктірген оқиға Орал қаласындағы Абай алаңында болған. «Күйеу іздеймін» деп жар салған мақсатына жете алмады. Себебі аз уақыттан кейін оны полиция ұстап алды.
БҚО ІІД-нің хабарлауынша, күйеу іздеген қалыңдық 23 жастағы Орал тұрғыны болып шықты. Бойжеткен осылайша ел назарын өзіне аударуды көздеген.
«Оқиға Абай алаңында 8 сәуір күні таңертең орын алды. Бойжеткенді жергілікті полиция қызметкерлері ұстап алды. «Қалыңдық» ел назарын аудартуды қалағанын айтты. Флешмоб ұйымдастырғысы келіпті», – деді БҚО ішкі істер департаментінде.
Тәртіп сақшылары «қалыңдықты» жазаламаған. Есерту жасап, үйіне қайтарған.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ
Алматыда тұңғыш рет ішкі ағзасын өзгеге сыйлаған донорлар марапатталды
Ұстазы: Максим Арышев Отанын қатты жақсы көрді
Алматы метросындағы жасөспірімдердің әрекеті пойыздың шұғыл тоқтауына себеп болды (видео)