Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 9 жасар бала өзгенің джип көлігін ұрлап айдап кетті

Оралда 9 жаса бала өзгенің көлігін айдап қашам деп жол апатын жасады, деп жазады Мой город.

Бүлдіршін өзге көлікке соғылған.

«Көлігімді гараж қасына қойғам. Өзім төрағаға кіріп кеттім. Кілт көлік ішінде қалған. Көлігімді бұрын ешкім айдап кеткен емес. Шықсам көлігім жоқ», – дейді жүргізуші.

Бала көлікті айдап бара жатып Lada Granta көлігімен соқтығысқан.

«Кішкентай бала рөлде болды. 10 жасқа да толмаған секілді. Көлігімді қырынан келіп соқты. Қандай көлік екенін де көріп үлгермей қалдым», – дейді Lada Granta иесі.

Әкесінің айтуынша, ұлы үйінде көбейту кестесін жаттап отырған. Оның қалай көшеге шыққанын байқамапты. Ұлы әкесіне көлікті айдап кетуге досы көндіргенін айтқан. Ал, ұлына механикалық басқарудағы көлікті айдауға әкесінің өзі үйреткен.

«Ол үнемі менің жанымда жүріп, көлікті қалай жүргізу керек екенін үйреніп алған», – дейді әкесі.

Қуанышқа орай ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау