Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

 

Баланың әкесі Серік ұлы Темірханның 21 қыркүйек күні әдеттегідей сабаққа кеткенін айтты. Ұлы содан қайта үйге оралмаған.

“Ұлым 8-сыныпта оқиды. Жұма күні сабаққа кетті. Одан кейін көрмедік. Аула балалары оны сенбі күні “Сити центр” жақтан көргенін айтты. Бұрын да жоғалып кетіп жүрді. Бірақ бір күннен кейін қайтып келетін. Өзімен бірге ұялы телефоны болған, бірақ ол өшірулі тұр”, – дейді әкесі.

Жоғалған бала бимен айналысады. Шорт-трекке қатысады. Отбасындағы жалғыз бала. Үйен кетер алдында ата-анасымен жандалдаспаған.

Үстінде ақ футболка, көк шалбар, кроссовка мен көк түсті желетке киген. Көрген-білгендер болса, 87084053381, 87078728578 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау