Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғыны оқушы қызын ертіп, Сирияға қашып кеткен

Жетінші сынып оқушысы  мен оның анасы аяқ асты жоғалып кеткен. Осыдан бастап туыстары мен жергілікті полиция іздей бастаған. Артынша анық болғандай олар екеуі де Сирияға кеткен болып шықты.

2332e659

Құқықтық орган қызметкерлері  Бақытжамал Хасанғалиеваны  қызымен бірге күйеуіне  айтпастан, Мәскеу арқылы Сирияға кеткен  деп хабарлайды. Бұл туралы uralskweek.kz басылымы жазған.

№ 37 орта мектептің жетінші сынып оқушысы  Дильназ Ахмедова  күзігі демалыстан кейін мектепке келмеген. Мектеп директоры  Тамара Мұсақызына  осыған дейін өз оқушысының анасы дәстүрлі емес исламда болғаны белгілі болған.

Әйелі мен қызының жоғалып кеткені жайлы мұғалімдерге  оқушыныңәкесі  Жеңіс Хасанғалиев хабарлаған. Отағасы  бұндай жағдайды  Атыраудағы вахталық жұмыстан оралғанда бір-ақ білген. Мектеп директорының сөзінше осы хабар өздеріне түсе салысымен  жергілікті полицияның көмегіне жүгінген. Анасы мен қыздың телефондары сөндірулі болған.

Ұстаздардың сөзінше  мектеп бойынша 1200 оқушы бар. Ал  39 отбасы мұсылмандықтың дәстүрлі емес ағымында екен. 14 оқушы мектепке жабынып қатынаған.

Мектеп оқушыларының ата-аналары да  Дильназ Ахмедованың  бірден жоғалып кеткеніне алаңдаушылық білдірген.

« Менің қызым Дильназбен бір сыныпта білім алды. Кім біледі ол айналасындарға қандай уағыздар айтқанын? Ол біздің балаларымыздың байланыс номерлерін біледі. Ол балаларға сондай жаман дінді уағыздайтын ақпараттар жолдаса ше? Не болмақ? Менің қызым Дильназ жоғалып кетті дегенде күйзеліске түсе жаздады»,-дейді  Айгүл Қазиева есімді  ата-ана.

Еске салсақ, тура осындай  екі жағдай жаз мезгілінде Ақтөбе де болған еді. Ол кезде «неке-жихадына» кеткен әйелі жайлы өзінің күйеуі айтқан болатын. Ал Ақтөбе облысының бір тұрғыны бір жарым жастағы баласын тастап Сирияға кетіп қалғаны белгілі болған еді.

 

Талқылау