Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Орал қаласында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қала басшысы Миржан Сатқановтың жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Шешімге сәйкес Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысына зардап шеккен нысандарды тексеру жүктелді.

Осыған дейін мәжіліс депутаты Сергей Пономарев үкімет пен әкімдіктердің су тасқынына дайындығын сынға алған.

 

Талқылау